Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия Премьер-министрі Роберт Фицоға жасалған қастандық әрекетті айыптады

1146

Мемлекет басшысы Роберт Фицоның тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия Премьер-министрі Роберт Фицоға жасалған қастандық әрекетті айыптады Фото: news.sky.com

Президент Словакия Премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалуына байланысты бұл террорлық әрекетті қатаң айыптайтынын және мұндай қараулықты мүлде ақтауға болмайтынын мәлімдеді.

Қазақстан мен Словакияны ұзақ жылғы достық пен өзара тиімді ынтымақтастық қатынастар байланыстырады. Бұл игілікті істе Премьер-министр Роберт Фицо елеулі рөл атқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу