Қазақстан Қытай мен АҚШ-тың су тасқынына қарсы күрес тәжірибесін зерттейді

1254

Ауыл шаруашылығы министрлігі тасқын суды ауыл шаруашылығында пайдаланбақ, деп жазады inbusiness.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстан Қытай мен АҚШ-тың су тасқынына қарсы күрес тәжірибесін зерттейді Фото: Үкімет

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша министрлік су тасқынына қарсы іс-қимыл жөніндегі нақты шараларды енгізе отырып, Қазақстан Республикасының Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын пысықтайды.

Сондай-ақ тасқын суды ауыл шаруашылығында пайдаланудың жоспары әзірленеді.

Министрлік су тасқынына қарсы күресте тиімді шараларды әзірлеу үшін Қытай, АҚШ, Германия, Нидерланды секілді елдердің озық тәжірибесін зерделемек. 

"Өңірлерді су тасқыны кезеңіне дайындау шеңберінде жергілікті атқарушы органдар алдын алу шараларын, оның ішінде елді мекендердің аумағынан қарды әкетуді, өзендер мен су айдындарының арналарын тазартуды, инертті материалдарды және қажет болған жағдайда қорғаныш үйінді бөгеттерін дайындауды ұйымдастыруға міндетті", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу