Бекшин Жандарбек Мұхтарұлы
QazBioPharm ұлттық холдингі бас директорының міндетін атқарушы
18796 16.01.23, 20:04
Жандарбек Бекшин 1958 жылы 5 қаңтарда дүниеге келген.
Білімі:
1982 ж. - Свердловск мемлекеттік медицина институтын «Гигиена, эпидемиология, санитария» мамандығы бойынша бітірген.
1998 ж. – медицина ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолы:
1982-1987 жж. - санитарлық дәрігер, Целиноград қалалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының коммуналдық гигиена бөлімінің меңгерушісі.
1987-1990 жж. - Целиноград қалалық және облыстық халықтық бақылау комитетінің инспекторы.
1990-1998 жж. - Целиноград облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының бас дәрігерінің орынбасары.
1998-2011 жж. - Астана қаласы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті бастығының орынбасары, бөлім бастығы, департамент директоры.
2011-2013 жж. - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы - Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері.
2013-2014 жж. - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті төрағасының орынбасары.
2014 ж. - Қазақстан Республикасы тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының орынбасары, төрағаның міндетін атқарушы, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер.
2014-2017 жж. - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары - Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері.
2017 ж. - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулықты қорғау комитеті төрағасының орынбасары - Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері.
2017-2019 жж. - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы.
2019 жылдың 25 маусымынан - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары - Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері.
2020 жылдың 20 наурызынан бастап – Қазақстан Республикасының бас санитарлық дәрігері қызметінен босатылды. Алайда ол сапаны бақылау және қызметтердің қауіпсіздігі комитеті төрағасының орынбасары - бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің орынбасары болып қалды.
2020 жылдың 18 сәуірінен бастап – Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері.
2022 жылдың қаңтарынан бастап зейнеткерлікке шықты.
2023 жылдың 16 қаңтарында QazBioPharm ұлттық холдингі бас директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды.