Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіске Қазақстан халқының қосқан үлесі өлшеусіз.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елорданың Тәуелсіздік алаңында өтіп жатқан әскери парадта осындай ой айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Ел қорғау – абыройлы міндет және зор жауапкершілік. Бұл – әр азаматтың перзенттік парызы. Сіздермен бірге барша азаматтарымыз Әділетті, Қуатты, Қауіпсіз және Таза Қазақстанды құрып жатыр. Осы тарихи жұмысымыз табысты болсын! Рухымыз мықты, мемлекеттілігіміз мәңгі болсын! Көк Туымыз биікте желбіресін! Қадірлі Отандастар! Ұлы Жеңістің 80 жылдығы құтты болсын!" – деді Мемлекет басшысы.
Айта кетейік, 1941-1945 жылдардағы алапат соғысқа 1 миллион 200 мыңнан аса отандасымыз қатысқан.
Республиканың әрбір төртінші тұрғыны әскерге аттанды. Майдан даласында атылған әрбір тоғызыншы оқ Қазақстанда құйылды.
Қазақстанға 220-дан астам фабрика мен зауыт көшірілді.