30 сәуір күні Алматыда дабыл жүйесі іске қосылады

225

Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті. 

30 сәуір күні Алматыда дабыл жүйесі іске қосылады Фото: Артур Алескеров

30 сәуір күні сағат 11:00-де Алматыда сиреналық-дауыс хабарлау жүйесі іске қосылады, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

Іс-шара жалпы қалалық жоспарлы сейсмикалық жаттығу аясында өткізіледі. 28 сәуірден бастап теле-радиоарналарда алдағы жаттығу туралы бейнероликтер көрсетіліп, тұрғындарды сабыр сақтауға шақыратын хабарламалар таратыла бастады.

Сейсмикалық жаттығу барысында сиреналар іске қосылып, теле-радиоарналардағы бағдарламалар автоматты түрде үзіліп, шұғыл ақпарат беріледі. Сонымен қатар мобильді қосымшалар арқылы хабарламалар жіберіледі.

Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындар мен қала қонақтарын сабыр сақтауға шақырды.

"Дыбыстық сигналды естігенде дереу теледидар мен радиоқабылдағышты қосып, ресми интернет-ресурстар мен мобильді қосымшалар арқылы ақпарат алып, одан әрі әрекет ету бойынша нұсқауларды орындау қажет. Жаттығу басталғанға дейін қауіпсіз орынға апаратын ең қысқа жолды анықтап, дабыл шабаданын дайындау ұсынылады. Қауіпсіз орындар – электр желілерінен, ағаштардан және ғимараттардан алыс орналасқан ашық алаңдар", - делінген ресми хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу