Аталған кездесу Қазақстанда АЭС салу жобасы бойынша ықтимал ядролық технологиялар жеткізушілерімен жүргізілген келіссөздердің қорытынды кезеңі болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Елдегі дәл осы бағыттың бәсекелестік диалогы аясында Оңтүстік Кореяның KHNP (Korea Hydro & Nuclear Power) компаниясы өкілдерімен кездесу өтіп отыр.
Тараптар жиында атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын, кадр даярлау, жергілікті өндірісті дамыту және бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылаған.
Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев KHNP компаниясының заманауи реакторларды жобалау, салу және пайдалану тәжірибесін атап өтіп, халықаралық серіктестермен ашық әрі әділ бәсекеге негізделген диалог жүргізудің маңыздылығына ерекше тоқталған.
KHNP компаниясының бас директоры Чухо Уанг Қазақстандағы жобаларды жүзеге асыру үшін Оңтүстік Кореяның тәжірибесін ұсынуға дайын екенін мәлімдеп, екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық білдірген.
Бұл кездесу Қазақстанда АЭС салу жобасы бойынша ықтимал ядролық технологиялар жеткізушілерімен жүргізілген келіссөздердің қорытынды кезеңі саналды.