Air Astana әуе компаниясы Үндістан мен Пәкістан арасындағы әуе кеңістігінің жабылуына байланысты 8 мамырда жоспарланған Алматы – Дели – Алматы бағытындағы KC 907/908 рейстерінің тоқтатылғанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– Қазіргі уақытта Air Astana Қазақстан азаматтары мен өзге де жолаушыларды балама бағыттар арқылы елге қайтару үшін репатриациялық рейстер ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыруда, – делінген ресми хабарламада.
Компания жағдайды жіті бақылап отыр және жолаушыларға кез келген өзгеріс туралы уақытылы хабарлауға уәде берді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу