Алматыда өткен жартылай марафон кезінде 2 қатысушының кенеттен қаза табуы – ауыр жағдай, деп бағалап, Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов қаза тапқан азаматтардың жақындарына көңіл айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сараптама барысында қатысушылардың денсаулығы, жарысты ұйымдастыру тәртібі, медициналық қамтамасыз ету деңгейі мен қауіпсіздік регламенті жан-жақты қарастырылады.
"Жергілікті атқарушы органдар өткізетін мұндай шараларға талапты күшейтеміз. Бұқаралық спорт қауіпсіз әрі кәсіби деңгейде ұйымдастырылуы тиіс. Туризм және спорт министрлігі бұл бағытта нақты ұсыныстар әзірлеп, тиісті құрылымдарға жолдайды", – деді ведомство басшысы.
Оқиға қоғамда үлкен резонанс туғызып отыр. Министрлік тарапынан бұқаралық спорт іс-шараларындағы қауіпсіздікті күшейту бойынша кешенді шаралар қабылданатыны айтылды.
Айта кетейік, 20 сәуір жексенбі күні Алматыда жартылай марафон өтіп, жарыс барысында 84 жастағы Аккоян Рсалиев пен 21 жастағы Нұрбол Ахмади қайтыс болды. Марқұмдар жыл сайын марафонға тұрақты қатысып келген екен.