Оның сөзінше, биыл ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне төленетін әлеуметтік төлемдер көлемі артқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтылды. Осы күні ардагерлерге әлеуметтік қолдау шаралары орталық және жергілікті деңгейде жүзеге асырылуда.
– Биыл 1 қаңтардан бастап төлем мөлшері базалық зейнетақы бойынша 6,5%-ға және ынтымақты зейнетақы бойынша 8,5%-ға өсті. Қабылданған шаралар халықаралық тәжірибеде ұсынылатын табысты зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін (40%) орындауға мүмкіндік берді. Бұл көрсеткіш елде 54,8%-ды құрады, – деп вице-министр.
Сондай-ақ, басқа әлеуметтік төлемдерге қарамастан, азаматтардың 19 санатына арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемі жүзеге асырылады.
– 2025 жылғы 1 мамырға Ұлы Отан соғысының ардагерлері алатын әлеуметтік төлемдердің жиынтық мөлшері 271 мың теңгені, Ұлы Отан соғысы уақытындағы тыл еңбеккерлерінің жиынтық мөлшері 179 мың теңгені құрады, – деп қоса кетті Олжас Анафин.