Елордада лифт ішінде 5 жасар баланы пышақтаған психикалық ауытқуы бар жасөспірім тұрақты ем қабылдамаған.
– Анасы баласының диагнозын мойындамай, емдеуден бас тартқан. Осы себепті емдеуде үзілістер болған, ал бұл жағдайдың асқынуына әкелді. Қазір емнен бас тартқан жағдайда қамқоршылардың жауапкершілігін арттыру мәселесі қарастырылып жатыр, – деді министр Мәжілістегі баспасөз мәслихатында.
Еске сала кетейік, 11 ақпанда елордада жасөспірім лифт ішінде 5 жасар баланы пышақтаған болатын. Кейін белгілі болғандай, күдікті психикалық денсаулық орталығында арнайы есепте тұрған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу