Астана қалалық Полиция департаменті болған жағдайды растап, қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті.
"Алдын ала мәлімет бойынша, 38 жастағы жүргізуші Dongfeng маркалы автокөлікті басқарып келе жатып, әл-Фараби көшесі бойындағы аула аумағында қауіпсіздікке көз жеткізбей, 6 жастағы велосипед теуіп жүрген баланы қағып кетті. Бала бірден ауруханаға жеткізілді", – делінген хабарламада.
Бүлдіршінге дер кезінде медициналық көмек көрсетілгенімен, ауыр жарақат салдарынан көз жұмды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу