"Бізге үлкен сабақ болды": Вице-премьер Magnum-ға жарияланған бойкот туралы айтты

1375

Үкімет мүшесі бұл екі жеке тұлғаның арасында болған тұрмыстық дау деп отыр. 

"Бізге үлкен сабақ болды": Вице-премьер Magnum-ға жарияланған бойкот туралы айтты Фото: magnum.kz

Жақында қазақстандықтар Magnum желісіне бойкот жариялады. Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин осыған байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Министр қазақ тілі – Қазақстанның болашағының негізі екенін баса айтты.

"Қазір қазақ тіліне бар жағдай жасалынған. Бұл – екі жеке тұлғаның арасындағы тұрмыстық дау. Бірақ бұл бізге үлкен сабақ. Ондай тіл мәселелерін, ұлттық мәселелерді әлеуметтік желіде талқылағанда, жазғанда абай болу керек. Елімізде 20 млн халық тұрады. Қазақтар "ауылы араластың, қойы қоралас" деп айтады ғой. Енді бізге не керек? Қарапайым қазақтардың басы аман болсын. Одан басқа ештеңе керек емес", - деді вице-премьер Мәжіліс кулуарында.

Оның айтуынша, Magnum желісіне қатысты мәселе шешілетін дүние.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу