Оның айтуынша, Әлия Бутаева Шәріп Серікті әдейі арандатқан, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– Ол өзінің арам пиғылын алдын ала жоспарлады. Менің ұлым онымен ара-қатынасын әлдеқашан үзсе де, ұлымды аңдыды, артынан қалмады, үйін күзетіп жүрді. Ақырында 8 ақпан күні сол жоспарын іске асырды. Ұлымның пәтеріне баса-көктеп кірген. Сол күнгі бейнежазбаны да тұрғын үй кешенінен алған. Негізінен ол үйде тұрмайды. Заңсыз қолына түсірген, – дейді адвокат.
Актердің анасы қоғамды дүр сілкіндірген атышулы бейнежазбаның екі ай таспаланғанын айтады.
– Бетіне шапалақ тисе неліктен сол 8 ақпан күні полиция шақырмады? Экпертиза жасатпады, арызданбады?! Неге 2 ай өткеннен кейін полиция бөліміне менің ұлымды қаралап арызданады? Неліктен полиция бөліміне қасындағылар "осылай айт" деп балама видео жазуға мәжбүрледі? – дейді киножұлдыздың анасы.
Сонымен қатар, Гүлнар Мұратқызы блогер Әлия Бөтееваның 2 жыл уақыт ұлының табысымен қымбат киініп, шетел аралағанын атап өтті.
Адвокаттың сөзінше, жалған айып таққан адамдар жазасыз қалмайды.
– Ол 2 жыл бойы ұлымды пайдаланды. Оның нақты жұмысы жоқ. Шетелге қандай қаражатпен барып әдемі киім киіп жүр?! Ол танымал болғысы келетінін жиі айтатын. Арманына жетті, танымал болды, оқырман жинап алды. Ел-жұртқа "жалған айтып" жала жауып ұлымды қаралады. Бәрі де ұмытылады. Бірақ бір Алла ұмытпайды. Ол жазасыз қалмайды, – деп сөзін түйіндеді Г.Мұратқызы.