Дәрігерлердің қателігінен зиян шеккен науқастар 35 млн теңге өтемақы алған

236

2024 жылдың қазанынан бері Қазақстанда дәрігерлердің де, науқастардың да құқығын қорғайтын сақтандыру жүйесі жұмыс істейді. Сондай-ақ талап қою кезінде сот шығындарын жабуды қамтиды.  

Дәрігерлердің қателігінен зиян шеккен науқастар 35 млн теңге өтемақы алған Фото: aikyn.kz

Соның негізінде дәрігерлердің қателігінен денсаулығына зиян келген отандастарымыз 35 млн теңге көлемінде төлем алған, деп жазады inbusiness.kz cайты Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы бүгін Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары Мария Хаджиева толығырақ мәлімет берді.

"Қазір бұл жүйеге негізі 14 компания тіркелген.  Бүгінде 1620 келісімшарт жасалды. 186 мың дәрігер өз-өзін сақтандырды. Сақтандыру жүйесіндегі сыйақы 979 млн теңге болды", – деді ОКҚ-де өткен брифингте.

Сондай-ақ оның айтуынша, соңғы 7 жылда сақтандыру нарығында есептелген сақтандырудың 7 жаңа түрі пайда болды: адвокаттардың, заң консультанттарының, жеке сот орындаушыларының, кеден өкілдерінің, кеден қоймасының иелерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру және еңбек мигранттарын медициналық сақтандыру.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу