Дикий Арманның ісін қараған судьяның лауазымы жоғарылады

519

Дикий Арманның қылмыстық ісін қараған судья Асхат Әшірбеков Қазақстан Республикасының Әскери сотының сот алқасының төрағасы болып тағайындалды. 

Дикий Арманның ісін қараған судьяның лауазымы жоғарылады Фото: sud.kz

2025 жылдың 27 қаңтарында жарияланған үкім бойынша, Дикий Арман деген атпен танымал Арман Жұмагелдиев 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл іс 2022 жылғы қаңтар оқиғалары бойынша болды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Асхат Әшірбеков 1981 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.

Ол Қарағанды ІІМ академиясын тәмамдап, заң ғылымдарының кандидаты дәрежесіне ие. 2002 жылдан бастап Қарағанды облысының ішкі істер органдарында түрлі офицерлік қызметтер атқарған.

2018 жылдың қазан айында Асхат Әшірбеков Алматы қалалық сотының судьясы болып тағайындалды.

2 жылдан кейін Алматы қаласындағы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы болып қызмет еткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу