Еліміз электр энергиясын енді ешкімнен сатып алмайтын болады

258

Мұндай көрсеткішке 2 жылдан соң қол жеткізуіміз әбден мүмкін.  

 Еліміз электр энергиясын енді ешкімнен сатып алмайтын болады Фото: digitalbusiness.kz

2024 жылдың өзінде Қазақстан 2 пайыздан аз ғана электр энергиясын өзге елдерден импорттаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов кеңінен айтып берді. Оның сөзінше, еліміздегі бұл саладағы тапшылық мәселесі 2 жылда толық шешімін таппақ.

– Былтыр 120 млрд кВтс тұтындық, ал сырттан сатып алғанымыз 2,2 млрд кВтс шамасында болды, яғни 2 пайыздан аз. Биыл импортталатын энергияны елеулі түрде азайтуға әрекет етіп жатырмыз. Осы жылы электр станцияларын жөндеуге екпін қойылған. Биыл жаңа энергия қуаттарын іске қосамыз, – деді ол.

Энергетика вице-министрі осылайша алдағы екі жылда Қазақстан өзін толықтай электр энергиясымен қамтамасыз ететінін алға тартып отыр. Осы жылы да жоғарыда айтылған 2 пайызды азайтуға жұмыс істелмек.

Осыған дейін ақпан айында Сенатта "Қазақстан Үкіметі мен Ресей Үкіметі арасындағы ҚР мен РФ-тің біртұтас энергетикалық жүйелерінің қатар жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы келісімді ратификациялау туралы" Заңы мақұлданған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу