Енді орман қорғау мекемелері утиль алым есебінен жарақтандырылады

144

Бұл бюджет тапшылығына байланысты. 

Енді орман қорғау мекемелері утиль алым есебінен жарақтандырылады Фото: Үкімет

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев орман қорғау мекемелері утиль алым есебінен жарақтандырылатынын айттты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Орман шаруашылықтарын қамтамасыз етуге 2023-2027 жылдарға арналған жалпы қаржыландыру көлемі 68 млрд теңгеге тең. Министрдің сөзінше, бюджет тапшылығына байланысты республикалық бюджеттен қаржыландыру 8,7 млрд теңгеден 3,1 млрд теңгеге дейін қысқарды.

"Министрлік орман қорғау мекемелерін утиль төлем есебінен жарақтандыруды ұсынды. Сіздің тапсырмаңызға сәйкес орман шаруашылықтарын жарақтандыру мақсатында лизинг арқылы 35 млрд теңге қарастырылған. Оның ішінде 15 млрд теңге Министрліктің мекемелеріне қарастырылған. Бүгінгі күнге жылдың басынан бастап 3,7 млрд теңгеге 136 шағын орман патрульдік кешені мен 60 трактор сатып алынды. Құны 11,3 млрд теңгені құрайтын қалған 166 өрт сөндіру машинасы, 27 шағын орман патрульдік кешені мен 15 трактор маусым айының соңына дейін сатып алынатын болады", - деді Ерлан Нысанбаев.

Облыс әкімдіктері мекемелеріне утиль төлем есебінен лизингке 20 млрд теңге бөлгені белгілі болды.

"Оған қоса қажетті техниканы сатып алуға жергілікті бюджеттерде 6,3 млрд теңге қарастырылған. Осылайша, биыл әкімдіктердің орман шаруашылықтарына жалпы құны 26,3 млрд теңгені құрайтын 186 өрт сөндіру машинасын, 186 шағын орман патрульдік кешенін және 247 тракторды сатып алу жоспарланған. Қабылданған шаралар еліміздің, орман өрті ең көп орын алатын, 11 өңірдің орман шаруашылықтарының техникасын жаңартып оларды 100%-ке жарақтандыруға мүмкіндік береді", - деді Экология және табиғи ресурстар министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу