Еуропарламенттің Словениядан сайланған депутаты Бранко Гримс миллиардер Илон Маскты Нобель сыйлығына ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Еуропарламент депутаты бизнесменді "Адам құқықтарын және сөз бостандығын қорғау" бойынша Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсынды. Ол бұл өтінішін Норвегиядағы тиісті комитетке жолдап, қабылданғаны расталғанын айтқан.
Ал Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы бұл номинациядан бас тартатынын мәлімдеді. Маск Нобель бейбітшілік сыйлығына қатысты жаңалыққа жауап берді.
"Мен сыйлық алғым келмейді", - деп жазды миллиардер X әлеуметтік желісінде.
Илон Маск Нобель сыйлығына бірінші рет ұсынылып отырған жоқ. 2024 жылы норвегиялық депутат Мариус Нильсен бизнесменді бұл марапатқа лайық көрген болатын.