Қай аймақтың тұрғындары ұзақ жасайтыны белгілі болды

398

Ел азаматтарының орташа өмір сүру ұзақтығы – 75,44 жас. 

Қай аймақтың тұрғындары ұзақ жасайтыны белгілі болды Фото: inbusiness.kz

2024 жылы қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы артты. Бұл туралы Ұлттық статистка бюросы жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Былтыр Қазақстан халқының өмір сүру ұзақтығы 75,44 жас болды. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 75,09 жыл деңгейінде болған.

"Қалалық жерлерде өмір сүру ұзақтығы ауылдық жерлерге қарағанда жоғары, сәйкесінше 76,14 және 74,26 жас. Гендерлік тұрғыдан алғанда, 2024 жылы әйелдердің күтілетін өмір сүру ұзақтығы 79,42 жас (2023 ж. – 79,06), ерлер арасында 71,33 жасты (2023 ж. – 70,99 жас) құраған", - деп хабарлады статбюро.

Ең жоғары өмір сүру ұзақтығы Алматыда тіркелген (78,78 жас), ең төмені Ұлытау облысында (72,48 жас).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу