Ақтауда 7-сыныптың қыздары қауіпті ойын ойнап, оны бейнежазбаға түсірген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға 18-сәуір күні Ақтау қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің бірінде болған. Қыздар әжетханасында 7-сынып оқушысын өкпе тұсынан қысу арқылы талдыру фактісі тіркелген.
"Бүгінгі таңда жасөспірімдер мен олардың ата-аналарымен профилактикалық-психологиялық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар аталған оқиғаға қатысты оқушылардың әрекеті Ақтау қаласы әкімі жанындағы кәмелет жасқа толмағандардың ісі бойынша арнайы комиссияда қаралады. Ақтау қалалық білім бөлімі басшысының тарапынан мектеп директорына тәртіптік шара қолданылды", - делінген хабарламада.