Қазақстанда SIM-карталарды сату тәртібі өзгермек

211

Бұған қатысты ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі тиісті бұйрық әзірледі.     

Қазақстанда SIM-карталарды сату тәртібі өзгермек Фото: comnews.ru

Мұндай шешім еліміздегі жиі болатын интернет-алаяқтықпен күресу үшін қабылданды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Енді SIM-карталарды тек ұялы байланыс операторлары сата алады. Себебі, қылмысқа себепкер болған нөмерлерді тексергенде көбіне дистрибьюторлар мен дилерлер арқылы алғаны белгілі болады. Алаяқтар бұл нөмірлерді сатып алып, түрлі айла жасайды. Мұндай тәсілдер тергеуді қиындатып, қылмыскерлердің жазадан құтылып кетуіне көмектеседі. 

Жаңа ереже енгізілгеннен кейін SIM-карталарды тек мобильді операторлар сатады. Бұл шара SIM-карталардың тіркелуін нақты бақылауға, жеке тұлғаларды сәйкестендірусіз сату мүмкіндігін жоюға бағытталған.

"Абоненттердің қауіпсіздігін арттыру және алаяқтықпен күресу үшін байланыс операторлары арнайы байланыс орталығын құрады, онда пайдаланушылар алдау әрекеттері туралы жедел хабарлай алады. Мұндай шара алаяқтық схемаларды тез анықтауға, күдікті нөмірлерді бұғаттауға, құқық қорғау органдары үшін деректерді жинауға, сондай-ақ халықтың цифрлық сауаттылығын және операторлардың қызметтеріне деген сенім деңгейін арттыруға мүмкіндік береді", – деп жазылған көпшіліктің талқылауына шығарылған НҚА сайтында

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу