Қазақстанның сыртқы саудадағы басты серіктес елдері белгілі болды

297

Былтыр Қазақстан сыртқы экономикалық қарым-қатынасы тұрақты өсуіп, дәстүрлі нарықтардағы позициясын нығайтып, минералды ресурстардың сенімді экспорттаушысы мәртебесін сақтап қалды.

Қазақстанның сыртқы саудадағы басты серіктес елдері белгілі болды Фото: ҚР Сауда және интеграция министрлігі

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қытай, Ресей және Италия еліміздің ірі сауда серіктестері болды – дәл осы үш мемлекетке экспорттың да, импорттың да негізгі көлемі тиесілі.

Мұндай ақпаратты Сауда және интеграция министрлігі таратты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстанның экспорттық кірісі 2024 жылы  81 млрд АҚШ долларынан асты. Бұл соманың жартысынан астамы, яғни 42,9 млрд АҚШ доллары шикі мұнайға тиесілі, бұл бүкіл қазақстандық экспорттың 52,5%-ын құрайды.

Сонымен қатар, ел сыртқы нарыққа уран ( 4,6 млрд АҚШ доллары), мыс және мыс катодтарын (4,1 млрд АҚШ доллары), сондай-ақ мыс кендері мен концентраттарын (3,2 млрд АҚШ доллары) белсенді түрде жеткізді. Ферроқорытпаларға, табиғи газға, бидайға және мұнай өнімдеріне тұрақты сұраныс сақталып отыр.

"2024 жылы техника, көлік және фармацевтика саласында импорт  белсенділігімен ерекшеленді. Ең үлкен көлем  жеңіл автомобильдерге ($2,3 млрд), ұшу аппараттарына ($1,8 млрд), дәрілік препараттарға ($1,7 млрд) және телекоммуникациялық жабдыққа тиесілі болды. Қазақстандық нарық дайын бұйымдарды да, жиынтықтауыштарды – шанақтарды, қосалқы бөлшектерді, есептеу техникасын да импорттай отырып, жаһандық өндірістік тізбекке кіруін  жалғастыруда. 2025 жылдың басы осы тенденциялардың тұрақтылығын растады. Қаңтар айында Қазақстанның экспорты  $4,5 млрд құрады, оның 60%-ы тағы да мұнайға тиесілі. Жеткізу құрылымында мыс, ферроқорытпалар, бидай, сондай-ақ уран, табиғи газ және күнбағыс майы маңызды позициялар болып қала берді. Қаңтар айында импорт 2,8 млрд АҚШ долларынан асты. Жетекші санаттарға телефондар, автомобиль корпустары, дәрі-дәрмектер және жеңіл автомобильдер жатады. Сондай-ақ құрылыс техникасы мен қозғалтқыштарды жеткізудің өсімі байқалады", – делінген ведомоство өкілдері таратқан ақпаратта. 

Шикізат экспорты мен жоғары технологиялық өнім импорты арасындағы теңгерімнің сақталуы Қазақстанның сыртқы экономикалық бағытының орнықтылығын растайды.

2025 жылы Қытаймен, Ресеймен және Еуропалық Одақ елдерімен стратегиялық әріптестікті дамыту, сондай-ақ Орталық Азия нарықтарындағы позицияларды нығайту басымдық болып қала береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу