Қазақтың "Робин Гуды" атанған блогер ұсталды

3703

Ақпаратты полиция растады. 

Қазақтың "Робин Гуды" атанған блогер ұсталды Фото: бейнежазбадан

Алматыда "Елге көмек" қайырымдылық қорының жетекшісі Ілияс Сариев ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тиісті ақпарат желіде таралды.

"Қазақ Робин Гуд Ілияс Сариев алаяқтық бабы бойынша ұсталды. Алматыдан осындай хабар келді. Бірнеше адамнан алаяқтық әрекеті бойынша арыз түскен еді. Қазір сол бойынша ұсталғаны белгілі болды. Алданғандар болса, Алматы ішкі істер департаментіне арыздансаңыздар болады", - деп жазды заңгер Нұрсұлтан Орынбеков.

Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі осыған қатысты түсініктеме берді.

"Алмалы аудандық полиция басқармасындағы полиция бөлімі алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Жан-жақты және объективті тергеуге бағытталған бірқатар тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Олардың қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады", - делінген ПД хабарламасында.

Ілияс Сариевтің Инстаграм желісіндегі парақшасында qazaq_robin_hood лақап аты көрсетілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу