Елдің Мемлекеттік кеңесі жариялаған құжатта ауылдық жерлерді жан-жақты дамыту да басты назарда тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осылайша, Қытай 2024-2035 жылдар аралығында елді ауылшаруашылық державасына жедел айналдыру жоспарын жария етуде. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлаған.
Қытай коммунистік партиясының орталық комитеті және Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік кеңесі жариялаған құжатта 2027 жылға қарай елдің аграрлық сектордағы қуатын арттыру барысында елеулі прогреске қол жеткізу мақсаты қойылған.
Сонымен қатар, жоспар бойынша ауылды жан-жақты дамыту, айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізу межесі алда тұр. Әрі 2027 жылға таман ауыл шаруашылығы мен ауылдық жерлерді жаңғырту жұмыстарының жаңа деңгейге көтерілуін көздейді.
Болжамға сәйкес, 2035 жылға қарай Қытайда ауылдың жан-жақты дамуында шешуші прогрес болады. Негізінен ауыл шаруашылығы саласы толық жаңғыртылып, ауылдық жерлер заманауи тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз етілмек.