Қостанай облысында полицей қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты

509

Министр марқұмның туыстарына көңіл айтты.

Қостанай облысында полицей қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты Фото: instagram.com/Ержан Сәденов

Қостанай облысында полиция подполковнигі Батырсайым Зайтинов қызметтік міндеттерін атқару кезінде жол-көлік апатынан қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан Қостанай облысының Полиция департаментінің учаскелік полиция инспекторы, полиция подполковнигі Батырсайым Зайтиновтің жақындары мен туыстарына көңіл айтамын. Оның есімі әріптестерінің жадында мәңгі қалады", – деді Ішкі істер министрі Ержан Сәденов.

Министр ІІМ қаза тапқан полицейдің отбасына қажетті барлық көмекті көрсететінін жеткізді.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу