Қостанайда бірнеше сүт фермасы салынады

Өңірде ірімшіктің 20 жаңа түрін өндіретін кешен пайдалануға берілген.  

Қостанайда бірнеше сүт фермасы салынады Фото: gov.kz

Мұндай мәліметті Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Облыста өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің үлесін 70%-ға ұлғайту міндеті орындалып отыр. Бүгінде 6 сүт-тауар фабрикасының іргетасы құйылған. 

– Сүт және сүт өнімдері бойынша импортқа тәуелділікті төмендету үшін алғашқы 6 заманауи жоғары технологиялық сүт-тауар фермаларының құрылысы басталды. Осылайша, шаруашылықтарда өнім өндіруді 30% ұлғайтуға мүмкіндік береді және сүт өңдеу кәсіпорындарының жүктемесін 86% дейін қамтамасыз етеді. Біз Мемлекет басшысының үш жыл ішінде агроөнеркәсіптік кешендегі өңделген өнімнің үлесін 70%-ға ұлғайту туралы тапсырмасы жоспарға сәйкес орындадық, – деді облыс әкімі. 

Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын сөз еткен брифингте ірімшік көлемінің едәуір артатыны сөз болды. 

– Жуырда ірімшіктің 20 жаңа түрін өндіретін кешені пайдалануға берілді. Бұл облыс бойынша ірімшік өндіру көлемінің 3 есе өсуін және өңделген сүттің көлемін 46%-дан 60%-ға дейін артуын қамтамасыз етеді. Осылайша, жергілікті халықтың ірімшікке сұранысын жабамыз. Күні кеше "Аруана-2010" ЖШС диірмен кешені пайдалануға берілді, сол сияқты "Кондитерлік астана" фабрикасының құрылысы басталды, – деп сөзін жалғады Құмар Ақсақалов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу