"Моншада қыздарды саудалаған": Көкшетауда 19 жасар бойжеткен жеңгетайлықпен айналысқан

272

Көкшетаудағы монша кешенінде әкімші болған 19 жастағы қыз ақылы түрде жыныстық қызмет көрсететін қыздарды клиенттерге ұсынғаны үшін сотталды.  

"Моншада қыздарды саудалаған": Көкшетауда 19 жасар бойжеткен жеңгетайлықпен айналысқан Фото: jasqazaq.kz

Бұл туралы Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Іс материалдарына сәйкес, сотталушының кінәсі тінту кезінде алынған айғақтармен, жасырын тергеу материалдарымен, сондай-ақ бейнебақылау камераларындағы жазбалармен дәлелденді. Куәгерлер жауап берген.

"Сот жаза тағайындау кезінде сотталушының бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмағанын және оның орташа ауырлықтағы қылмыс жасағанын ескерді. Үкім бойынша К.-ға 2 жыл 6 ай шартты мерзім тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді", – деп хабарлады сот.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу