Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов желіде жазды.
"Бүгін Жақсылық Омарды өзімнің бірінші орынбасарым етіп тағайындадым. Жақсылық Мұқашұлының мемлекеттік қызметте үлкен тәжірибесі бар. Ол 6 жыл бойы облыс орталығының әкімі болды. Оған өңірдің барлық мәселесі мен тұрғынының мұң-мұқтажы жақсы таныс. Оның жаңа әрі жауапты қызметке білімін, күш-жігерін барынша жұмсайтынына сенімдімін", – деді ол.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу