Сол себепті, екі елдің әуе кеңістігінде бірқатар шектеу, әуежай жұмысының уақытша тоқтауы секілді оқиғалар болып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Мысалы, Пәкістанның Азаматтық авиация басқармасы негізгі бағыттар бойынша әуе қатынасы қалпына келтірілетінін жариялады. Бірақ Dawn әлі бірнеше бағыттың 24 сағатқа жабық болатынын жазды.
Еске салайық, басқарма 6 мамыр күні кешке Үндістан мен Пәкістан арасындағы әскери қақтығыстан соң Пәкістанның әуе кеңістігін толығымен жабу туралы шешімге келген. Әуе кеңістігі бастапқыда 48 сағатқа жабылса, барлық рейс тоқтатылып, жолаушыларға үйіне қатуға және жолға шықпауға кеңес берілді. Ал Үндістанда керісінше әуежайлар жұмысын уақытша тоқтатып отыр.
Осы уақытта Пәкістан мен Үндістан арасындағы әскери қақтығыс өрши түсті деуге болады. Қос ел бір-біріне қысым жасаудың түр-түрін жасауға кірісті. Мысалы, Үндістан Пәкістанға су беруді уақытша тоқтатты.
Қақтығыс Үндістанның пәкістандық Пенджаб және Азад Джамму мен Кашмирдегі алты нысанына әуе шабуылдарынан кейін шиеленісе түсті. Шабуылдан 26 бейбіт тұрғын қаза тапса, 40-тан астамы жараланды. Кейін әуе шабуылынан бақилық болғандардың саны 30-дан асты.
Осыған дейін, әлі бір соғысты тоқтатып үлгермеген Трамптың енді Үндістан мен Пәкістанның арасына түспек болғанын жазған едік.