Ресейдің "Союз МС-26" ғарыш кемесі 7 айдан кейін экипажымен Жезқазған маңына қонды

433

Экипаждың 7 айлық ғылыми миссиясы 2024 жылғы 11 қыркүйекте басталды.

Ресейдің "Союз МС-26" ғарыш кемесі 7 айдан кейін экипажымен Жезқазған маңына қонды Фото: oxu.az

NASA астронавты Дональд Петтит 7 айлық ғарыштық миссиядан кейін Жерге оралды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

АҚШ-тың Ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу басқармасының (NASA) астронавты Дональд Петтит 7 айға созылған ғарыштық миссиядан кейін Жерге оралды. Бұл оқиға оның 70 жасқа толған күнімен тұспа-тұс келді.

Sky News басылымының мәліметінше, Петтит – АҚШ-тағы ең егде жастағы қызмет етуші астронавт. Ол Ресейлік ғарышкерлер Алексей Овчинин және Иван Вагнермен бірге Халықаралық ғарыш станциясында (ХҒС) 7 айлық ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Үшеуі мінген "Союз МС-26" ғарыш кемесі 20 сәуір күні Қазақстан аумағына сәтті қонды.

"Кеме орбитадан сәтті шығып, Жерге қонды", – делінген ресми хабарламада.

Экипаждың 7 айлық ғылыми миссиясы 2024 жылғы 11 қыркүйекте басталды. Осы уақыт ішінде ғарыш кемесі 220 күн ішінде Жерді 3 520 рет айналып шықты. Бұл – Петтит пен Овчинин үшін ғарышқа төртінші, ал Вагнер үшін екінші сапар болды.

NASA мәліметінше, Дональд Петтит орбитада бірнеше маңызды зерттеу жүргізген. Ол металлдан 3D-басып шығарудың мүмкіндіктерін жетілдіру, суды залалсыздандыру технологияларын жақсарту, өсімдіктердің түрлі жағдайларда өсуін және микрогравитация жағдайындағы оттың қасиеттерін зерттеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу