Шетелде демалмақшы болған 91 өскемендік 142 млн теңгесінен қағылды

181

Алаяқ төрт жарым жыл түрмеге қамалды.

Шетелде демалмақшы болған 91 өскемендік 142 млн теңгесінен қағылды Фото: Shutterstock

ШҚО соты баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ер адам халықты туристік бизнеспен айналысатынын сендіріп, арзан бағаға шетелге шығаруға ұсыныс жасаған. Бұған сенген 91 адам онымен шарт жасасып, сұраған ақшасын аударған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алайда алаяқ олармен байланысқа шығуын тоқтатқан. Осының салдарынан жәбірленушілерге 142 781 162 теңге мөлшерінде материалдық залал келтірілді. 

"Өскемен қаласының № 2 сотында айыпталушыға қатысты ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 1,3-тармақтары бойынша қылмыстық іс қаралды. Іс бойынша жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Сот шешімімен сотталушы 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оған коммерциялық қызмет саласында, атап айтқанда туристік бизнеспен 3 жыл мерзімге айналысуға тыйым салынды", - делінген ақпаратта.

87 жәбірленушінің азаматтық талабы толық қанағаттандырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу