Оқыс оқиға Еркін ауылында болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Таңертең 40 жастағы әкесі қыздарын мектепке апармақ болып, гараждағы көлігін оталдырған. Сол сәтте көлік жарылып, гаражбен қоса үйі де қирап түскен.
Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, құтқару жұмыстарына 20 адам мен 4 техника жіберліген.
"50 шаршы метрлік шаруашылық құрылыс нысандары жартылай қирады. Өрт болмаған", – деп мәлімдеді.
Ер адамның денесін күйік шалған, қазір ауруханада жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу