Теміржол бойынан адам мәйіті табылды: ҚТЖ оқиғаға қатысты түсініктеме берді

155

Ресми мәлімет бойынша, сағат 20:52-де Сарыөзек-Алматы бағытындағы жүк пойызы теміржолға белгісіз адамның шығып кетуіне байланысты шұғыл тоқтаған. 

Теміржол бойынан адам мәйіті табылды: ҚТЖ оқиғаға қатысты түсініктеме берді Фото: pixabay.com

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы 7 мамыр күні Қайрат-Байсерке теміржол аралығында болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

 Оқиға орнында адамның жансыз денесі табылған.

– Пойыз барлық қажетті процедуралар аяқталғанға дейін тоқтатылды. Оқиға орнына полиция келіп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр,  делінген компания хабарламасында.

Қазіргі таңда құқық қорғау органдары оқиғаны белгіленген тәртіппен тексеріп жатыр.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ теміржол бойында бөгде адамдардың жүруіне қатаң тыйым салынатынын еске салып, қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу