Атырауда тұрмыстық қалдықтар тиелген трактор тіркемесінде жұмысшылар да отырған, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.
"Спецавтобаза" ЖШС баспасөз қызметі аталған жайтты растады және трактор айдаған механизатор мен тіркемесіндегі жұмысшыларға еңбек кауіпсіздігін бұзғаны үшін шара қолданылғанын хабарлады.
– Мекемеге жол жұмысшылары жұмысқа қабылдану кезінде еңбек қауіпсіздігі туралы ережемен таныстырылады. Оның ішінде Атырау қаласының аумағында тұрмыстық қалдықтар тиелген көліктермен жұмысшыларды тасымалдауға болмайтыны есертіледі. Аталған жайтқа байланысты тіркемеде отырған жұмысшыларға, трактор айдаған механизаторға еңбек кауіпсіздігін бұзғаны үшін шара қолданылды. Мекеме тарпынан қауіпсіздік ережелері күшейтілді, – деді мекеменің баспасөз қызметі.