Трамп хуситтерге қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

АҚШ президенті Йемен хуситтері кеме қатынасына кедергі келтірмеуге уәде берді. 

Трамп хуситтерге қатысты күтпеген мәлімдеме жасады Фото: BBC

Сондықтан да, АҚШ-тың соққыларды тез арада тоқтататынын BBC жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мұны Ақ үй басшысы Канада премьер-министрі Марк Карнимен кездесуінде айтты. 

– Хуситтер жай ғана соғысқысы келмейді және біз мұны бағалаймыз. Біз бомбалауды тоқтатамыз, олар берілді, бірақ одан да маңыздысы, біз сол сөзге сенеміз. Олар енді кемелерді жармайтынын айтты, біздің мақсатымыз да осы болды, – деді Трамп.

Хуситтер осы кезге дейін Трамптың мәлімдемесіне қатысты жауап қатпады. 

Бұған дейін Израиль Йемендегі хуситтердің позицияларына тағы соққы жасағанын хабарлаған еді, оның арасында ел астанасы Санадағы халықаралық әуежай да нысанаға алынған. 
Израиль билігі әуежайдың істен шығарылғанын мәлімдесе, әуежайдың өкілі AFP-ге ғимараттың толығымен қирағанын жеткізген. 

Еске салайық, 5 мамырда Йемендегі хусит көтерілісшілері АҚШ-ты "Сана қаласы мен оның маңайына шамамен 10 соққы жасады" деп айыптаған-ды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу