"Қақпаның жанында ойнап жүрген еді": Түркістан облысында жоғалып кеткен 3 жасар қыз табылмай жатыр

1985

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай қызының көзден таса болғанын жеткізген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Қақпаның жанында ойнап жүрген еді": Түркістан облысында жоғалып кеткен 3 жасар қыз табылмай жатыр Фото: Түркістан облысы ПД

Қазір жоғалған бүлдіршінді іздеуге төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, құтқарушылар, әкімдік қызметкерлері мен еріктілер және жергілікті тұрғындар тартылды.

Полиция бөлімінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды.

Іздеушілер жақын маңдағы аумақтарды, қараусыз қалған ғимараттарды, канал жағалауларын және бүлдіршін бара алатын басқа да бағыттар бойынша жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Егер баланың жүрген жері туралы ақпарат білсеңіз, 102 жедел желісіне хабарласуыңызды сұраймыз", – делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Баласының қалай жоғалғанын ата-анасы айтып берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу