Түркістандық полицейлер толғағы қысқан әйелді перзентханаға жедел жеткізуге көмектесті

384

Тәртіп сақшылары жүкті әйелді ауруханаға дейін ертіп апарып, дәрігерлердің қолына уақытында тапсырған.  

Түркістандық полицейлер толғағы қысқан әйелді перзентханаға жедел жеткізуге көмектесті Фото: polisia.kz

Алматы-Ташкент-Термез тасжолында қызметке түскен облыстық полиция батальонының қызметкерлері Мақсат Шорманов пен Бақыт Оразбаевтан Шымкент бағытына қарай бет алған Lada автокөлігінің жүргізушісі көмек сұраған, деп жазады inbusiness.kz сайты Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Жетісайлық тұрғынның айтуынша, көліктегі жүкті келіншегінің жағдайы ауыр болған. Полицейлер бірден көмек қолын созды. Осылайша, тәртіп сақшылары жұбайының толғағы қысып, перзентханаға асығып бара жатқан ер адамның көлігін ілесіп жүру арқылы жылдам әрі кедергісіз перзентханаға жеткізді.

Ер азамат полиция қызметкерлеріне ризашылығын білдіріп, алғысын айтты. Келіншегі аман-есен босанып, қыз бала дүниеге келген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу