Бұл туралы пәкістандық Dawn газеті хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты ТАСС-қа сілтеме жасап.
– Біз моральдық тұрғыдан дайын болуымыз керек, алдында соғыс қаупі төніп тұр. Ол тіпті алдағы бір-екі, үш немесе төрт күн ішінде басталуы мүмкін деген қауіп бар, – деді Хаваджа Асиф министр.
Министр мәлімдемесін соғыстың міндетті түрде басталатыны туралы болжам деп қабылдамау керек екенін, тек алдағы күндердің шешуші болатынын ескертті.
Хаваджа Асифтің айтуынша, егер Пәкістанның егемендігіне қауіп төнсе немесе елге әскери эмбарго қойылса, Пәкістан кез келген әскери әрекетке 100% дайын.
Министр өңірдегі басқа елдер даулы жағдайларды болдырмауға және шиеленісті азайтуға күш салып жатқанын атап өтті.
22 сәуір күні қарулы адамдар Джамму мен Кашмир одағы аумағындағы әйгілі туристік қала – Пахалгамда террорлық шабуыл жасаған болатын. Әскери киім киген адамдар автоматтармен оқ жаудырған, 25 үнді азаматы мен 1 непалдық қаза тапты. Қылмыскерлер оқиға орнынан қашып үлгерген.
Көптеген адам жараланды. Шабуылды "Қарсылық майданы" атты топ өз мойнына алды. Бұл топтың Пәкістанда тыйым салынған "Лашкар-и-Тайиба" ұйымына қатысы бар. Осы оқиғадан кейін Үндістан Пәкістанмен су туралы келісімді тоқтатып, Нью-Делидегі пәкістандық кеңесшілердің елден кетуін талап етті. Пәкістандықтарға берілген визалардың күшін жойды.