Жазушы-этнограф Болат Бопайұлы дүниеден өтті

593

ҚР "Мəдениет үздігі" төс белгісінің иегері, Қазақстан Республикасының құрметті азаматы.

Жазушы-этнограф Болат Бопайұлы дүниеден өтті Фото: aikyn.kz

Жазушы-этнограф Болат Бопайұлы қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Болат Бопайұлы 1960 жылы Қытай Халық Республикасы, Алтай аймағында дүниеге келген. 1986 жылы Іле педагогикалық университетін, 1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген.

Үрімші қаласында ұстаздық етті. "Шыңжаң жастар-өрендер баспасында" редакторлық қызмет атқарды.

"Қазақтың алғыстары мен қарғыстары", "Қазақ ырымдары" атты кітабы қазақ және орыс тілінде жарық көрді. Одан басқа "Сөз саралау өнері" атты ғылыми-зерттеу кітабы, "Ақыт ақиқаты" атты монографиялық еңбегі, "Қазақ кәделері", "Асыл қазына", "Қазақтың түс жоруы" атты кітаптары оқырмандар қолына тиді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу