Жетісу облысында білім бөлімінің бас бухгалтері 1,6 млрд теңге жымқырған

252

Күдікті 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жетісу облысында білім бөлімінің бас бухгалтері 1,6 млрд теңге жымқырған Фото: видео скриншот

Талдықорған қалалық соты "Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі" ММ бас бухгалтері К. Құрманғалиеваға, сол бөлімнің бухгалтерлері А. Мұратова мен А. Қалабаеваға, "Қазпошта" АҚ аудандық учаскесінің бастығы А. Такенге, "Айдана" бөбекжай-бақшасы меңгерушісінің м. а. Н. Балғабаеваға және Жетісу облысы ІМАБ камералдық бақылау бөлімінің басшысы У. Жапабаевқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Құрманғалиева, Қалабаева, Мұратова және Такен білім бөлімі қызметкерлерінің шоттарына белгіленген жалақыдан артық аудару жолымен 1,6 млрд теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Балғабаева, Қалабаева балабақшада аудит жүргізбеу сылтауымен олардың ақшалай қаражатын иемденген Жапабаевқа пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылды. Құрманғалиеваға 8 жылға, Қалабаева, Мұратова және Такенге 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - делінген Антикор хабарламасында.

Балғабаева мен Жапабаевқа тиісінше 1,2 млн теңге және 1 млн теңге айыппұл салынды.

Сонымен қатар, сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу