Жетісу облысында 15 жастағы бала 86 жастағы қарияны аяусыз соққыға жыққан

513

Оқиға орнынан түсірілген бейнежазба желіде таралды. 

Жетісу облысында 15 жастағы бала 86 жастағы қарияны аяусыз соққыға жыққан Фото: orda.kz

Желіде таралған ақпаратқа сүйенсек, оқиға 6 сәуір күні облысқа қарасты Өтенай ауылында болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аймақтық полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

"Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Кәмелетке толмаған құқық бұзушы заңды өкілінің кепілгерлігіне тапсырылды. Оның заңды өкілі тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.

Жасөспірім профилактикалық есепке қойылды.

Айта кету керек, осыған дейін Теміртауда жасөспірімдер зейнеткер қартты сабап тастағанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу