Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жетісу облысы Ақсу аудандық сотының төрағасы Нұрлан Шаймерденовке қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Күдіктіге қатысты тергеу басталды.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
Айта кетейік, Нұрлан Шәймерденов 2009 жылы Алматы облысы Талғар аудандық сотының судьясы қызметіне тағайындалып, аталған лауазымды 2021 жылдың қараша айына дейін атқарған. Кейін Алматы облысы Ақсу аудандық сотының төрағасы болып тағайындалған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу