Алаяқтар халықты қаржы пирамидаларына қалай шақырады?

Қаржы пирамидаларын жасаушылар қысқа уақыт ішінде кепілдендірілген, өте жоғары кірісті уәде етіп, азаматтарды қызықтырады.

Алаяқтар халықты қаржы пирамидаларына қалай шақырады?

Алайда қатысушылардың белгілі бір саны және сәйкесінше қаржы жиналғаннан кейін ұйымдастырушылар барлық ақшамен ізім қайым жоғалып кетеді.

Классикалық пирамида схемалары

Қазіргі заманғы қаржы пирамидалары (инвестициялық пирамидалар) қатысушылардың кірісін алудың жалғыз әдісін қолданады — пирамиданың жаңа мүшелеріне ақша тарату арқылы ақша салуға итермелеу. Табыс табудың бұл принципі қаржы пирамидасын нақты қаржылық жобадан түбегейлі ажыратады. Пирамиданың алғашқы қатысушыларына дивидендтер кейінгі салымдар есебінен төленеді. Әдетте пирамидалар жалған құжаттарды, күмәнді цифрлық есептеулерді, диаграммалар мен схемаларды сенімге кіру үшін пайдаланады, сонымен қатар қоғамда танымал тұлғаны жарнамаға тартады.

Бүгінгі таңда алаяқтар мен қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылары жақсы дайындыққа ие, IT технологиялар бойынша білікті мамандар, адамдардың эмоцияларын басқара алатын жақсы психологтар мен спикерлер. Қазіргі уақытта қаржы пирамидаларын құруда әлеуметтік желілер мен мессенджерлер маңызды рөл атқарады.

Бірақ бұл компаниялардың қызметін желілік маркетингпен шатастыруға болмайды. Желілік маркетинг тартылған адамдар үшін белгілі бір пайыздарды төлейді, бірақ оның негізінде дистрибьюторлық желінің қатысушылары нақты табысты  өнімді сату арқылы табады, ал қаржы пирамидасы салымшылардың ақшасына негізделген.

Қазақстандағы қаржы пирамидаларының танымал схемалары

Букмекерлік кеңселер арқылы ставкалар: бұл белгілі бір оқиғалардың, көбінесе спорттық ойындардың нәтижелеріне ставкалар қабылдайтын ұйымдар, көбіне онлайн режимде жұмыс жасайды. Олар ойындардың нәтижесінің ықтималдығын бағалайды және әр мүмкін нәтижеге өз коэффициенттерін қояды. Бұл ұйымдардың қызметі "Ойын бизнесі туралы" ҚР Заңымен реттеледі.

Қазіргі заманғы қаржы пирамидаларына букмекерлік кеңселердің атын жамылған алаяқтарды жатқызуға болады.  Ресми букмекерлік кеңсесінің өз қызметін жүргізуге лицензиясы болса және ставкаларды жүзеге асыру кезінде кассалық немесе электрондық чек пен ставкаларды растау туралы купон берсе, онда алаяқтық ұйымдарда ресми лицензия жоқ және көбінесе олар "жалған" чектерді мессенджерлер арқылы жібереді.

Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар сонымен қатар әртүрлі "серіктестік бағдарламаларды" пайдаланады, бұл олардың қатысушыларына спорттық іс-шаралардың нәтижелерінен емес, ставка жасаған көптеген адамдардан жоғары табыс табуды ұсынады. Мысалы, белгілі бір соманы инвестициялауыңыз керек және қосымша дивидендтер алатын кем дегенде екі белсенді клиентті тартуыңыз керек. Нәтижесінде пирамида жаңа "инвесторлардың" ақшасы есебінен белсенді дамиды.

Күмәнді жобаларға инвестициялар: бұл 2024 жылы пирамиданың өзекті түрі. Оның схемасы келесідей: желіде олар жоғары кірісті онлайн жобаға инвестиция салуды ұсынады. Қарапайым схемадан айырмашылығы - жаңа мүшелерді тартудың қажеті жоқ. Белгілі бір соманы салуды сұрайды және жоба басталғаннан кейін өте жоғары табысты уәде етеді. Алайда мұндай пирамиданы ұйымдастырушылар көп мөлшерде жинағаннан кейін жобаны жауып, жоғалып кетеді. Біраз уақыттан кейін олар жаңа жобаның жаппай жарнамасын бастайды.

Қаржы пирамидаларының өмірінің бес кезеңі

I кезең - құру кезеңі. Келесі белгілерді атап өтейік:

Қатысушылардың жоғары кірістілігі және салынған қаражаттың жылдам өтелуі (бірнеше ай ішінде) уәде етіледі, ең төменгі тәуекелдер болатынын айтады. Мұндай схемалар ашық немесе жасырын түрде кіру ақысын және нарықтық деңгейден жоғары кепілдендірілген пайыздық төлемдерді уәде ететін белсенді жарнамалық науқанды қамтуы мүмкін. Компанияда ресми тіркеу және нақты қызмет анықтамасы жоқ.

  • Ақшалай төлемдерді қабылдау қаржылық із қалдырмай жүзеге асырылады, қаржы тізбегі қасақана мақсаттармен бұзылады, қаржы қаражатын алушы шарт жасалған адамнан басқа адам болады;
  • нақтылайтын және растайтын ақпарат көзі жоқ;
  • әр түрлі инвесторларды жаппай тарту;
  • нақты қаржылық терминологияны қолдану - "фьючерстер", "P2P", "трейдинг", "опциондар";
  •  Желілік маркетинг принциптерін қолдана отырып схемалар құру;
  • Инвестицияларды сақтандыру туралы шындыққа сәйкес келмейтін мәлімдеме;
  •  Компанияның қол жетімді кеңсесінің, құрылтай құжаттарының, компания сайтының болмауы, сайтты шетелдік юрисдикциядағы хостингке орналастыру.

II кезең - сыни кезең. Бұл жерде:

  • Ақшаны қайтармау қаупін арттыру. Уәде етілген кірістерді төлеу мүмкіндігі азаяды, ал қаржылық міндеттемелер артады, салымшыларда тәуекелді күту артады. Ұйымдастырушылар тәуекелдер мен жаман жаңалықтарды елемейді немесе оларды жақсы деп түсіндіреді, қауіпті сигналдарды елемейді, төленген кірістерді қайта инвестициялауды ұсынады;
  • Әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде, сайттардағы жеке кабинеттерде технологияларды пайдалана отырып, қаржы компаниясының қызметін белсенді жарнамалау, оқыту семинарларын өткізу;
  • Компанияның қаржылық жағдайы түсініксіз (сайтта құжаттар жоқ, инвесторлар үшін ақпаратты ашатын бөлім жоқ). Бұл белгілер қаржы пирамидасының болуы мүмкін екенін көрсетуі мүмкін, бірақ көптеген жаңа, тарихы жоқ ұйымдар ұқсас жағдайда болуы мүмкін.

ІІІ кезең - қаржы пирамидасының бұзылуы. 

  • салымшылар арасында дүрбелең пайда болуы, салынған қаражатты қайтаруға жаппай талаптар қою, ұйымның банкроттығы. Бұл дағдарыс жағдайындағы кез келген қаржы ұйымына тән;
  • Салымшыларға материалдық залал келтіру. Меншікті активтері, компаниядан және қашып кеткен ұйымдастырушылардан ресми ақпарат болмаған жағдайда салынған қаражаттың кем дегенде бір бөлігін қайтарып алуға мүмкіндік жоқ, қылмыстық істер мен сот процестері қозғалады;

ІV кезең - қаржы пирамидасының жандануы (ребрендингі). 

  •  Пирамиданы жандандыру, жаңа үлесті көбейту және инвестицияны қайтару туралы үміттерді ынталандыру;
  •  Бұрынғы міндеттемелерді қабылдау.

Айта кету керек, белгіленген белгілер кәсіпкерлік қызметке де тән болуы мүмкін. Осыған байланысты қаржы пирамидасының барлық белгілері негізгі және қосымша болып бөлінеді. Негізгі белгілер деп қаржылық пирамиданы анықтайтын маңызды белгілерді түсінеміз, олардың болмауы схеманы ұйымдардың осы түріне жатқызуға күмән келтіреді. Қосымша белгілер деп біз қаржы пирамидасына да, кәсіпкерлік қызметке де, оның ішінде қаржы нарығына да тән белгілерді түсінеміз.

Бұл белгілер қаржылық пирамиданы тануға көмектесуі мүмкін, бірақ оларды қаржылық пирамидасы деп сеніммен айтуға болмайды.

Айта кетейік, қаржы пирамидасын құрғаны үшін ҚР ҚК-нің 217-бабы бойынша мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, сондай-ақ белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыруға дейін қылмыстық жауаптылық көзделген.

Қаржы пирамидасын мынадай белгілер арқылы тануға болады:

  • Кіру жарнасы;
  • Нарық деңгейінен бірнеше есе жоғары кірістілікке кепілдік;
  • Интернетте, соның ішінде әлеуметтік желілерде жарнамалық науқан арқылы салымшыларды белсенді тарту;
  • Басқа клиенттерді тартқаны үшін сыйақы беру;
  • Компанияның қаржылық жағдайы туралы нақты ақпарат жоқ;
  • ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен халықтың ақшалай салымдарын тартуға лицензия немесе бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензия жоқ.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу