Ел мектептерінде жаңа пән пайда болуы мүмкін

3131

Бұл жасөспірімдер арасындағы құқықтық сауатты арттыру үшін қажет. 

Ел мектептерінде жаңа пән пайда болуы мүмкін Фото: gov.kz

Еліміздегі мектептерде 7-сыныптап бастап "Заң және тәртіп" атты пән оқытылуы мүмкін. Мұндай бастаманы Бас прокурор Берік Асылов көтеріп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның сөзінше, мектептерде 7-сыныптан бастап "Заң және тәртіп" атты міндетті пән енгізу қажет. Бас прокурор бұл жасөспірімдер арасындағы қылмыс санын азайтуға үлес қосады деп отыр. 

"Себебі нағыз қауіп құқықтық сауатсыздықтан басталады. Бұл пәнді қызметтегі заңгерлер мен құқық қорғау органдарының ардагерлері жүргізуі тиіс. Өйткені олар тек білімді ғана емес, өмірлік тәжірибесімен де бөлісе алады", - деді Берік Асылов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу