Рамазан Оразов орынды себеппен Қазақстанға оралуы мүмкін

Шетелде доп тебетін қазақ футболшысы осындай шешім шығарып отыр. 

Рамазан Оразов орынды себеппен Қазақстанға оралуы мүмкін Фото: Vesti.kz

Ескеретін жайт, ұлттық құрама ойыншысының даниялық клубпен келісімшарты 2027 жылға дейін жарамды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жасыл алаңда жасындай жарқырайтын жартылай қорғаушы алаңға жиі шығуды қалайды. Бірақ, әзірше Данияның "Силькеборг" клубында оған мүмкіндік аз берілуде. Сондықтан, ол ҚПЛ клубына қайтуды жоспарлаған. Дәлірек айтқанда, Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов "Ақтөбе" командасының құрамын толықтыруы әбден ықтимал. Бұл туралы "Серый CARDINAL" Telegram-арнасы хабарлаған. 

– Біздің дереккөздеріміз бір ай бұрын-ақ Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы ақтөбелік клубқа оралғысы келетінін хабарлаған болатын. Ол "Силькеборгтегі" ойын уақытымен қанағаттанбай жүр. Футболшы алаңға жиі шыққысы келеді. Қазіргі уақытта бұл трансфердің жазда жүзеге асуына ешқандай кедергі көріп тұрған жоқпыз, – деп жазады арна авторы.

Рамазан Оразов даниялық клуб сапына 2024 жылы қосылды. Оның келісімшарты 2027 жылға дейін жасалған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу