Рахметуллин Ақан Ақасұлы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары 

12379
Рахметуллин Ақан Ақасұлы

Білімі:

1967 жылы 2 ақпанда Алматыда туған.

1991 жыл – Алматы энергетикалық институты;

1999 жыл – ҚР СІМ Дипломатиялық академиясы (үздікпен).

Еңбек өтілі:

1993-1994 жж. – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Консулдық басқармасының референті, атташесі; 

1994-1996 жж. – Қазақстанның Пәкістандағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы;

1996-1999 жж. – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Бас консулдық басқармасының үшінші, екінші хатшысы;

1999-2002 жж. – Алматы қ. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Өкілдігінің екінші, бірінші хатшысы, кеңесшісі;

2002-2004 жж. – Нью-Йорк қ. БҰҰ жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілдігінің бірінші хатшысы; 

2004-2007 жж. – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Халықаралық гуманитарлық-экономикалық ынтымақтастық департаментінің кеңесшісі,  директордың орынбасары;

2007-2011 жж. – Вена қ. Қазақстанның ЕҚЫҰ жанындағы кеңесші-уәкілі, Тұрақты өкілінің орынбасары;

2011-2015 жж. – Нью-Йорк қ. БҰҰ жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілінің орынбасары;

2015-2019 жж. – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры;

2019-2021 жж. – Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі;

2021-2022 жж. - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары;

2022 ж. сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары.

І сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесіне ие.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу