Атырау облысында құтқарушы қайтыс болды

2663

Артында ата-анасы, әйелі мен екі баласы қалды.

Атырау облысында құтқарушы қайтыс болды Фото: ТЖД

Осы жылдың 15 мамырында Атырау облысы Төтенше жағдайлар бөлімінің аға өрт сөндірушісі Ілияс Әбдіқасым денсаулығы сыр беріп, өмірден өтті,  деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Марқұм Ілияс Әбдіқасым құтқарушы болып 2020 жылдан бері қызмет еткен.

Жұмыс барысында ол өзін кәсіби және жауапты құтқарушы ретінде көрсетті.

Артында ата-анасы, әйелі мен екі баласы қалды.

"Ілияс Әбдіқасым екі дүркін өрт сөндіру кроссфиты чемпионы, гарнизондық өрт құтқару спорты сайысының чемпионы атанған болатын. Жаны жайсаң, жарқын жан еді. Елінің тыныштығын, халқының амандығын ойлаған құтқарушы болатын. Алды пейіш, арты кеніш болғай! Отбасына, туған туыстарына қайғырып көңіл айтамыз", – деп жазды Атырау облысы Төтенше жағдайлар департамені өздерінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Осы орайда айта кетейік, 2024 жылдың сәуір айында Солтүстік Қазақстан облысында 45 жастағы құтқарушы қайтыс болды. Ол Түркістан облысынан Тайынша қаласына су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге көмектесу үшін келген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу