5G жиілігі: халыққа ұшқыр интернет керек пе?

2958

Елімізде ұялы байланыс қызметін қолданатын 24 млн абонент бар.  Алайда, Цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, ұялы телефондардың тек10%-ы 5G жилігін қолдайды. Дегенмен, дәл осы көрсеткіш Бағдат Мусин басқаратын министрлікке 5G жилігін тарату құқын беру бойынша аукцион өткізуге кедергі бола алмады. 

5G жиілігі: халыққа ұшқыр интернет керек пе?

5G жиілігін енгізу шешімі ерте емес пе, деген сауалға жетелейтін тағы бір күмән бар. Ол – елдегі интернет сапасы. Мәжілісте өткен Үкімет сағатында интернет сапасына қатысты қате ақпарат беріліп келгенін Бағдат Мусиннің өзі де мойындаған болатын.

Орталық коммуникациялар қызметінде "5G жиілігіне өткен аукционның қорытындысы туралы" тақырыбында өткен брифингте интернет сапасы мен 5G жиілігінің бағасы мен қажеттілігіне қатысты сауал акционда жеңіске жеткен компания басшыларына қойылды. 

"Кселл" АҚ Басқарма Төрағасы Асхат Узбековтің айтуынша, 5G жиілігіне қатысты тариф құнына байланысты әзірге нақты шешім қабылданбаған. 

"Трафикті қолдану құрылымы мүлде өзгереді, бұл сәйкесінше қандай да бір өзгеріске алып келеді. Алайда, дәл қазіргі сәтте белгілі бір тариф құнының өзгеруі туралы айтуға өз басым дайын емесін", деді Асхат Узбеков. 

Ал, "Мобайл Телеком-Сервис (Tele2/Altel)" Бас директоры Сергей Коньковтың айтуынша, осыған дейін жүргізілген пилоттық жоба барысында, абоненттер өздерінің тарифтерінің аясында 5G жиілігін тегін пайдаланды. 

"Пилоттық жоба кезінде жылдамдығы қандай, белгілі бір локацияда қанша абонентте 5G жылдамдық болды деген бізге техникалық сипаттағы мәліметтерді алу анағұрлым пайдалы болды. Сондықтан, қазіргі таңда 5G елімізде тегін. Болашақта көрсетілетін қызметтің өз құны қанша болатынын түсінеміз. Өйткені ол тіпті 4G қолданатындар үшін де өзгеріп келеді. Өйткені, интернетті қолдану ауқымы бірте-бірте ұлғайып келеді. Адамдар өз телефонында 5G жиілігін қолдануда бас тартуына техникалық мүмкіндік бар. Сондықтан, осыған қарай біз де шешім қабылдаймыз. Бұл жеке тариф бола ма, әлде ол стандартты тарифтердің аясында беріле ме, бағасы қанша болады ол жағын анықтаймыз. Жалпы, мұндай мәселелерді ұялы операторлардың бір-бірімен ақылдасып шешуіне тиым салынған. Сондықтан, біздің алдымызға міндеттеме қойылды. Осыған қарай тарифке қатысты шешім қабылдаймыз", деді Сергей Коньков. 

"Біздің немесе бәсекелес компаниялардың бір де бір тарифі 4G деп аталмайды. Тариф сөйлесу минуттарына, трафик көлеміне, SMS санына және тағы сондай қызметтерге беріледі. Қазіргі таңда біз 4G-ді дифференциялап отырған жоқпыз. Интернетті қолдану құрылымы өзгереді. Бұрын бір айға жеткен тарифіңіз, енді жетпеуі мүмкін. Youtub-та 480х720 ауқымында көріп жүрген нәрсеңіз, 5G да автоматты түрде 4K не 8K болып екі есе артып кетеді. Сіз тіпті оны түсінбей де қаласыз. Сондықтан киленттеріміздің басым көпшілігі саналы түрде 4G-ді таңдайтын болады деп ойлаймын. Бірақ, біз өз клиенттерімізге жиіліктерді таңдауға мүмкінідік беруден бас тартпаймыз", деді "Кселл" АҚ Басқарма Төрағасы Асхат Узбеков. 

5G өте жылдам интернет болғандықтан көптеген салаларда қолданылады. 

"Мұнай-газ, логистика, заттар интернеті дамыту, витуалды шындық, өнеркәсіп салаларда, Қазақстанда белгілі салаларда қолданылады деп ойлаймыз. Қазіргі уақытта Арселор Миттал мен Кселл бірігіп бір пилоттық жоба жасап жатыр", деді телекоммуникация комитетінің төрағасы Ержан Мейрамов.  

"Кселл" АҚ Басқарма Төрағасы Асхат Узбековың айтуынша, алғашқы маңызды кейс B2B форматында 5G жиілігін қолдану.

"Біз белгілі бір компанияларға арналған жеке 5G желісін пайдалануды дамытып жатырмыз. 5G жиілігінің жылдамдығы цифрландыруды жаңа деңгейге көтеруге ықпал ете алады. Бірнеше жыл бұрын біздің отандастарымыз Kaspi.kz, eGov секілді қолданбалар туралы ойлаған да жоқ. Олар 4G технологиясын енгізу арқылы мүмкін болды. Қазіргі таңда 5G-ды қолданудың жаңа көкжиегі қандай болатынын білмейміз. Алайда, осы елдің азаматы ретінде айтайын, біз көрші елдермен салыстырғанда цифрландыруда анағұрлым сапалы серпіліс жасау үшін біз осы технологиялық артықшылықпен қамтамасыз етуге міндеттіміз", деді Асхат Узбеков. 

Сөйте тұра, Цифрлық даму минисрлігі 4G жиілігімен еліміздің барлық аумағын қамтуды жоспарлап отыр. Тек, кейбір ауылдар спуниктік интернетпен қамтылады екен. 

Әзірге жеке адамның қалтасын қағуы бек мүмкін, сондықтан белгілі бір компаниялар үшін пайдалы болу ықтималдығы жоғары 5G жиілігін беру бойынша өткізілген бұл аукционның маңызы неде? Байланыс операторлары жиілік сатып алу үшін жұмсаған қаражатты ауылды жерлерде ең болмағанда 3G интернеттің сапалы ұстауы үшін инфрақұрылымды дамытуға инвестиция ретінде жұмсағаны анағұрлым пайдалы емес пе еді?

Әлде, еліміз 5G интернеті бар ел ретінде мақтанға бой ұрғысы келді ме? Бұл сауалға Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігінің өкілдері жауап берер деген сенімдеміз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу