Atameken Вusiness Қытай медиакорпорациясымен байланысты нығайтады

1655

Бүгін екі ел өкілдері осындай меморандумға қол қойды.

Atameken Вusiness Қытай медиакорпорациясымен байланысты нығайтады Фото: freepik

Бұл қос тараптың алғашқы келісімі емес. Осыған дейін де деректі фильмдер көрерменге ұсынылған. Енді теле-өнім алмасу одан әрі артып, байланыс беки түспек.

"Атамекен бизнес" телеарнасы мамырдан Қытаймен ақпарат алмасып, көрерменге бірнеше деректі фильм ұсынып келеді. Бүгінге дейін "Шыңшаң дәмі", "Жібек жолында" сынды 10-нан астам туынды өз көрерменін тауып үлгерген. 

Қос тарап бизнестегі озық тәжірибе, экономикалық жаңалықтар, 2 елдің қарым-қатынасы аясында ақпарат алмасады. Бүгін редакцияға Қытай медиакорпорациясы кино және телевизия аудармасы мен өндірісі орталығының делегациясы келіп, тағы бір келісімге қол қойылды. Бұл деректі фильмдер цикілінің екінші кезеңі. Осы құжат аясында бірнеше бастама қолға алынғалы отыр.

"Маған телеөнім алмасуда Атамекеннің нақты бизнеске баса назар аударғаны ұнайды.  21 ғасыр  Азия ғасыры, дейді. Сондықтан Бұқаралық Ақпарат Құралдары да осы жолда тоғысқанына қуаныштымын. Бұл телеарна деректі фильмді жоғары бағалайды. Тарихты айна-қатесіз бейнелейтін деректі фильмдер ең маңыздысы. Осы орайда қазақ-қытай қарым-қатынасы нығая түседі, деп ойлаймын", - дейді CMG Кино және телевизия аудармасы мен өндірісі орталығының директоры Ван Лу.

 "Атамекен бизнес" арнасының көрермендеріне "Шығыс көркем өнері" деректі фильмі бүгін алғаш рет ұсынылды. Бұл Қытай медиакорпорациясы дайындап, қазақ тіліне аударылған туынды. 

"Бүгінгі шараның екі елдің достығына жақсы әсері болады деп сенемін. Біздің елдердің басшылары да жиі кездесіп, жақсы қарым-қатынас орнатуы -  ынтымақтастығымызға жақсы әсер етіп жатыр. Бізде СЭМДЖ мен сіздің телеарна арасында жаңалық тарататын бағдарлама бар.  Енді деректі фильм төңірегінде де біраз жобаны жүзеге асырамыз. Осыдан 10 жыл бұрын Си Цзиньпин Қазақстанмен "Бір жол  бір белдеу" жобасын жүзеге асыруды ұсынды. Ал бүгін БАҚ саласындағы ынтымақтастықты нығайтып отырмыз", - дейді CMG Еуразиялық бюросы директорының орынбасары Шао Цзяньгуан.

Атамекен бизнес - Қытай медиакорпорациясының Орталық Азиядағы алғашқы серіктесі. Ұзақ мерзімдік ынтымақтастықтың аясында қос тарап Қазақстанның инвестициялық әлеуетін арттырып, қосымша инвестиция тартуға жол ашады деген үмітте. Еске салсақ, медиахолдинг қытайлық әріптестермен байланысты 2019 жылы бастады. Сол жылы "Сәлем, Қазақстан" реалити шоуы арна эфиріне шыққан еді. Қазір әр сәрсенбі мен сенбі Қытай экономикалық жаңалықтары эфирде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу