"Бозшакөлде" кен өндіру неге төмендеді?

14530

Үшінші тоқсанда кен өндіру көлемі артқанымен, тоғыз айдың қорытындысында кему байқалды. 

"Бозшакөлде" кен өндіру неге төмендеді?

Павлодар облысындағы Бозшакөл кен байыту комбинатында кен өндіру үшінші тоқсанда байыту фабрикаларының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін 22%-ға, яғни   8 млн тоннаға дейін ұлғайды. 2020 жылдың екінші тоқсанында көрсеткіш 6,6 млн тоннаны құраған болатын. Бұл ретте сульфидті және каолин балышығы бар кендерді өңдейтін фабрикалар үшінші тоқсан бойы толық қуатпен жұмыс істегенін атап өту керек.

Жалпы 2020 жылдың тоғыз айында кен өндіру 16%-ға азайып, 22,3 млн тоннаны құрады. Былтыр 9 айдағы көрсеткіш 26,6 млн тоннаға тең еді. Оған негізінен осы жылдың бірінші жартыжылдығында жинақталған каолин балшығы бар кенді қайта өңдеу себеп болды.

Мұнда үшінші тоқсанда 30,3 мың тонна мыс өндірілді. Бұл екінші тоқсандағы деңгеймен шамалас (30,6 мың тонна). Жалпы тоғыз айда жоғары өткізу қабілеттіне және кендегі мыстың орташа үлесінің жоғарылауына байланысты өндіріс 15%-ға артып, 90,7 мың тоннаға дейін жетті (2019 жылдың 9 айындағы көрсеткіш – 79,2 мың тонна).

Төртінші тоқсанда байыту фабрикасының өткізу қабілеті жоспарлы техникалық қызмет көрсетуге байланысты төмендейді деп күтілуде. Дегенмен, қаңтар-қыркүйектегі жақсы нәтижелерден кейін Бозшакөл мыс өндірісінің жылдық 110-120 мың тонна көлеміндегі жоспарына жету қарқынын сақтап отыр.

Алтын өндірісінің көлемі тоқсандық есепте 37 мың унцияға дейін төмендеді (2020 жылдың екінші тоқсаны – 41 мың унция). Бірақ тоғыз айдың ішінде Бозшакөлде алтын өндіру 120,3 мың унцияға дейін ұлғайған (2019 жылдың 9 айында – 103 мың унция). Өндіріс жылдық жоспардан (140-150 мың унция) асып түседі деп күтілуде.

Үшінші тоқсандағы күміс өндіру көлемі 235 мың унцияны құрады (2020 жылдың екінші тоқсаны – 233 мың унция). Тоғыз айда Бозшакөл 700 мың унция күміс өндірді (2019 жылдың 9 айы: 567 мың унция). Жылдық болжамды 700 мың унция көрсеткішінен 20%-ға арттыру жоспарланған.

Жалпы COVID-19-ға байланысты орын алған қиындықтарға қарамастан, KAZ Minerals Тобы 2020 жылдың тоғыз айында 230 мың тонна мыс өндірген. Өнім көлемі былтырғы жылдың тоғыз айындағы деңгеймен шамалас (230,5 мың тонна).

"KAZ Minerals үшінші тоқсанда да, 2020 жылдың тоғыз айында да жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Биыл мыс өндірісі үзілген жоқ, бүгінде өндіріс көлемі 2019 жылғы деңгейге сәйкес келуде. Ал ілеспе өнімдердің өндірісі бұрынғы көрсеткіштерден айтарлықтай асып түсуде. Біз мыс пен алтын өндірісінің жоспарын жоғары деңгейде орындау жолында келеміз және күміс пен мырыш өндірісінің жылдық болжамын арттырдық", – дейді KAZ Minerals Тобының басқарма төрағасы Эндрю Саузам.

Санжар Беркінбай


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз!

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу